Павлодарда мультимедиялық музей ашылды

22 Желтоқсан 2019, 10:55
5648
Бөлісу:
Павлодарда мультимедиялық музей ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында "Ertis" атты бірегей мультимедиялық музейі ашылды. Бұл Қазақтандағы осы тектес алғашқы, әрі жалғыз музей.

Аталмыш музей әлемнің ірі тарихи-жаратылыстану музейлерінің үлгісімен құрылған. Онда геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасынан, Ертіс-Баян өңірінің палеозой заманынан бастап казіргі кезеңге дейінгі тарихын қамтиды. Нысан құрылысына ​ ERG компаниясы 300 млн теңге көлемінде демеушілік көрсеткен.

VNB_6417.jpg

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Болат Бақауов, бұл аймағымыз бойынша 1992 жылдан бері ашылып тұрған алғашқы музей.

VNB_7213.jpg

Бұл облысымыздың тарихында қалатын оқиға. Бірегей, заманауи музейдің ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы алғаш қолға алына бастағанда-ақ Павлодарда тарихтан сыр шертетін және заман талабына сай келетін музей салсақ деген ой келді. Міне, осы ойымыздың жемісін бүгін көріп отырмыз. Елбасының жариялаған "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы және "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында ерке Ертіс өзенінің жағасында тамаша музе бой көтерді. Баршаңызды құттықтаймын, - деді аймақ басшысы.

Музейдің бірегейлігі – шынайы археологиялық және табиғи экспонаттардың заманауи мультимедиялық технологиялармен жарасымды үйлес тапқанында болып отыр. Оның жалпы аумағы 2400 шаршы метрден асады.

VNB_6883.jpg

Нысан бір демде 600 келушіні қабылдай алады. Олар үшін тоғыз экспозициялық зал жұмыс істейді. Сондай-ақ, музейде
реставрациялық зертхана, "Gloss Vision" атты виртуалды киім өлшеу алаңы, даңқты жерлестеріміздің өмірбаяны мен  еңбектері, мұз дәуірінің ландшафты, Ертіс-Баян өңірінің флорасы мен фаунасының эволюциясы, "Қазқонақ" табиғи ескерткішін мекен еткен құстардың жасанды түрін көруге болады. Музейдің ерекше, қайталанбас экспонаттарының бірі – ежелгі мамонттың қаңқасы.

VNB_6897.jpg

Музей заманауи мультимедиялық техникалармен жабдықталған: real-book кітабымен, ақпараттық touch-панелімен және заманауи инсталяциялар.

Өзгелердің жаңалығы