Павлодарда Молдағұлова оқыған снайперлер мектебін тәмамдаған 100 жастағы ардагер тұрады

5 Мамыр 2023, 16:06
944
Бөлісу:
Павлодарда Молдағұлова оқыған снайперлер мектебін тәмамдаған 100 жастағы ардагер тұрады
Фото: автордан

Биыл қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова оқыған снайперлер мектебін тәмамдап, соғысқа аттанған Мария Курбатова ғасырлық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Ардагер 1943 жылдың көктемінде өз еркімен қан майданға аттанды. Фронқа бармас бұрын аты аңызға айналған Әлия Молдағұлова оқыған снайперлер мектебін тәмамдады. Павлодарлық снайпер Павлодар облысы қазіргі Текреңкөл ауданының Воронцовка ауылында дүниеге келді. Соғыс басталғанға дейін жергілікті фабрикалардың бірінде еңбек етті, ал соғыс кезінде әскери госпитальде жұмыс істеді.

Снайперлік дайындық мектебінде қару-жарақты қолдану, ату мен тактикалық шараларды үйрендік. Оқу кезінде Әлия Молдағұлованын үздік оқуын үлгі ететінбіз. Себебі қазақ қызы снайперлер мектебінің үздік шәкірті болды. 8-сыныпты тәмамдаған мен әскери өмір, әскери тәртіп туралы ештеңе білмейтінмін. Бірақ Отан үшін отқа түсуге дайын болдық. Бас-аяғы 100 сағаттық оқуды тәмамдадық, - дейді Мария Курбатова.

Спайнер қыз курсты аяқтаған соң 138-ші атқыштар дивизиясы Суворов атқыштар полкінің құрамында майданға аттанды. Ержүрек азаматша Украина, Польша елдерін азат ату ұрыстарына қатысты.

Павлодарда Молдағұлова оқыған снайперлер мектебін тәмамдаған 100 жастағы ардагер тұрады

Соғыстағы серіктесім Дуся Погребная екеуміз жаудың өзін көрдік. Бірнеше тәулік бойы окопта жатқан кездеріміз де болды. Чехословакия аумағында қауіпті снайпердің көзін жойдық. Бір күні құрбым екеумізге арнайы тапсырма түсті. Біз жасағымызға қауіп төндірген жауды тауып, жою керек болдық. Жақын маңдағы орманда болып, айналаны көз ілмей бақыладық. Таңертең ағаш арасында келе жатқан адамды көріп, атып жібердік. Осылайша, мен серіктесім, әскери досыммен бірге «Ерлік үшін» атты алғашқы марапатымызға ие болдық. Снайперлер мектебінен соғысқа 15 қыз аттандық. Жеңіс күніне дейін Дуся екеміз ғана жеттік, - дейді Мария Курбатова.

Павлодарлық снайпер өзін бақытты әрі бай адам санайды. Себебі ғасыр жасаған кейуана үш немере, тоғыз шөбере және төрт немене сүйген жайы бар. Олардың барлығы әжелерінің ерлік жолы мен өмірін өнеге тұтады.

Мария Курбатова «Ұлы Отан соғысы», «Жуков», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдерімен марапатталған. Бүгінде Ертіс өңірінде жеңісті жақындатқан көзі тірі 12 ардагер мен төрт мыңнан астам тыл еңбеккері бар. 

Өзгелердің жаңалығы