Павлодарда мектеп асханасының тамағынан құрт шықты

12 Қазан 2023, 08:50
692
Бөлісу:
Павлодарда мектеп асханасының тамағынан құрт шықты

Әлеуметтік желіде Мұхтар Әуезов атындағы орта білім мектебінің асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінде құрты бар фото таралып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оны оқушы өзінің анасына жіберген.

Ботқаның ішінде тірі жеміс құрты табылды. Әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеріске шыққан болатын. Оның қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың бұзылмағаны анықталды. Ботқа да жаңадан пісірілген еді, - деп жауап берді М.Әуезов атындағы орта білім мектебі.

Бұл жағдайды облыстық білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды. Сондай-ақ, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолдайды.

 

Өзгелердің жаңалығы