Павлодарда мас күйде және куәліксіз көлік айдаған жасөспірім ұсталды

Тексеру барысында оның көлікті ата-анасынан алғаны анықталды.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
179
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Павлодарда BMW көлігін мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған жасөспірім ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, жасөспірім достарымен бірге жүрген кезде қала көшелерін патрульдеп жүрген полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Тексеру барысында оның көлікті ата-анасынан алғаны анықталды.

Сондай-ақ, жасөспірімнің жүргізуші куәлігі жоқ екені және алкогольдік мас күйде болғаны белгілі болды.

Кәмелетке толмағанға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Сонымен қатар оның заңды өкілі де жауапкершілікке тартылды, - делінген ПД хабарламасында.

Наверх