Павлодарда мал дәрігерлеріне жаңа құрал-жабдықтар сатып алынады

21 Сәуір 2023, 15:05
1006
Бөлісу:
Павлодарда мал дәрігерлеріне жаңа құрал-жабдықтар сатып алынады
Фото: izhtel-incinerator.ru

Ертіс өңірінің мал дәрігерлеріне жаңа құрал-жабдықтар сатып алынады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Инсинераторлар ауруға шалдыққан жануарлардың өлекселерін өртеуге арналған. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айдар Уәлиевтің хабарлауынша, аймақта бұл шаралар эпизотикалық ахуалды тұрақты ұстау және қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жүрігізіп жатыр.

Биылғы жылға арналған ветеринариялық шаралар жоспарына сәйкес ірі қара малға құтыру, пастереллез, Сібір жарасы, эмкар және нодулярлы дерматитке қарсы екпе салынды. Шаралар жалғасын тауып жатыр. Ал бруцеллезге қарсы 111 мыңнан астам ірі қара зерттелді. Осы күнге дейін 642 ауру төрт түлік анықталды. Жалпы облыс бойынша аса қауіпті ауруларды диагностикалау мен алдын алуға 2,4 млн теңге бөлінген, - дейді басқарма басшысы.

Аймақта мал қорымдарын санитарлық талапқа сәйкестендіру жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Облыста 239 астам мал қорымы болса, олардың 33-і ветеринарлық-санитарлық талапқа сай емес. Қалғаны да қарапайым, талапқа сәйкестендірілмеген. Өңірде Сібір жарасы бойынша 139 қорым бар. Олардың 131-і тіркеліп, арнайы картаға енгізілген. Сонымен қатар, мамандардың жіті бақылауында. Бүгінгі таңда ауылдық округтердің мәл дәрігерлері аптасына бір рет тексеріп тұрады. Биыл бес инсинератор сатып алуға 102 млн теңге бөлінеді. Әрқайсысының 1000 келі. Қазіргі уақытта өлекселерді жоюға арналған 22 құрал бар, - дейді Айдар Уәлиев.

Өзгелердің жаңалығы