Павлодарда латын қарпіндегі қазақ тілі курстарының үшінші маусымы басталды

3 Қыркүйек 2019, 13:12
1667
Бөлісу:
Павлодарда латын қарпіндегі қазақ тілі курстарының үшінші маусымы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда мектепке дейінгі мекемелердің мамандарына арналған латын қарпі негізіндегі қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары басталды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, курстар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде басталып отыр.

«Шараның мақсаты – жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастырып, қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету. Аталған курстарда латын графикасы негізінде қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары және «Егемен Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы санында жарияланған 2018 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен мақұлданған «Қазақ тілі емлесінің ережелері» қолданылатын болады», - деді басқармада.

Айта кетейік, жылдың соңына дейін аталған курстарды қаланың 106 мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлері аяқтайтын болады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы