Павлодарда күн ысымай дала өрті тұтанды

20 Мамыр 2023, 23:40
624
Бөлісу:
Павлодарда күн ысымай дала өрті тұтанды
Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылының маңында дала өрті тұтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау жақын маңдағы елді мекендер мен мемлекеттік орман қорына қауіп төндірген жоқ.

Сағат 20.30-да Павлодар қаласы Кенжекөл ауылы, резиденцияға бірінші кіреберіс жол жақта қураған қамыс өртене бастады. Өрт сөндіру қызметкерлері жалын 4 гектар аумақта жанып, таралып жатқанын анықтады. Жерлер мемлекеттік орман қорына жатпайды. Павлодар облысы, Зарин ауылдық округіне тиесілі, - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өртті сөндіруге 3-ӨБ, 11-ӨБ, МӨБ-1, Кенжекөл ауылының өртке қарсы ерікті құрылымынан 5 адам мен 7 өрт сөндіру техникасы, бір жеңіл автокөлік жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы