Павлодарда көпқабатты үйлердің басым бөлігі жылу маусымына дайын

31 Тамыз 2022, 12:10
1002
Бөлісу:
Павлодарда көпқабатты үйлердің басым бөлігі жылу маусымына дайын
Фото: автордан

Ертіс өңірінің тұрғын үй-коммуналдық қызметі жылу маусымына дайындық үстінде, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта облыстық электр станцияларының құрал-жабдықтары жөнделіп жатыр. бүгінгі күнге дейін негізгі жабдықтың 15-і жөнделді. 

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес істеліп жатыр. Жылу маусымы басталғанға дейін электр станциялары жанар-жағармаймен қамтылды. Қорда 1,4 тонна көмір мен 17,6 мың тонна мазут бар. Электр қуатымен қамту желілерінің 1528 шақырымы жөнделді, - дейді сала мамандары. 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановтың хабарлауынша, өңірдегі 2500-ге жуық көпқабатты үйдің 1700-ден астамы жылу маусымына әзір. 600-ден астам білім беру және 300-ден астам денсаулық сақтау ұйымдары да дайындықтарын пысықтады. 

Бюджеттік ұйымдардың қатты отынға деген сұранысы  132 мың тонна. Қазіргі уақытта бұл көлем нысандарға тасымалданды. Халық үшін көмір кеніштерінде көмір саудасы ұйымдарытылған. Халық сегіз орыннан қатты отын сатып ала алады. Бүгінде көмірдің бір тоннасы бөлшек саудада 8 мың теңгеден басталады. Тас көмірдің бағасы 10 мың теңгеге дейін, ал қоңыр көмірдің бағасы 20 мың теңгеге жетеді, - дейді маман.

Облыста жылыту маусымы үстіміздегі жылдың 19-шы қыркүйегінде басталады деп күтілуде. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар, кейін көпқабатты үйлер қосылады. 

Өзгелердің жаңалығы