Павлодарда қонақ үйден 186 адам эвакуацияланды

2 Ақпан 2021, 05:34
1284
Бөлісу:
Павлодарда қонақ үйден 186 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға орнына №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері бірінші болып келді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

21 сағат 03 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «101» пультіне Павлодар қаласындағы қонақ үйлердің бірінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Департаменттің күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Он бір қабатты қонақ үйде, бірінші қабатта 10 шаршы метр алаңда қоқыстың жанғаны анықталды, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Тілсіз  жау 21 сағат 23 минутта сөндірілді. Обьект адамдардың жаппай жиналатын орны болғандықтан, бір уақытта өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен баспалдақ маршымен 186 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  Өрт 21 сағат 33 минутта толығымен сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 10 бірлік техника жұмыс істеді. 

Өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. 

Павлодар облысы ТЖ департаменті барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы