Павлодарда карантин кезінде азық-түлік базарларының жұмысы тоқтамайды

14 Сәуір 2020, 11:55
1338
Бөлісу:
Павлодарда карантин кезінде азық-түлік базарларының жұмысы тоқтамайды

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде карантин барысында ірі азық-түлік базарларының жұмысы тоқтамайды. Тек шектеледі.

Карантин кезінде нарықтар таңғы сағат 06:00-ден күндізгі сағат 12:00-ге дейін ашық боладын. Жұмыс барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтіледі. Бұл үй жаныдағы азық-түлік дүкендерінің тауарсыз қалмауы үшін жасалып жатыр.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асайын Байхановтың айтуынша, азық-түлік базарлары жұмыс кестесіне байланысты өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілген. Ережеге сәйкес таңғы сағат 06:00-ден бастап нарықтар тек көтерме сауда нысандарына қызмет көрсетулері тиіс.

Нарықтардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзбау керек. Сатып алушылар арасында екі метрлік қашықтықты сақтау, сатушылардың бетпердеде болу сияқты қатаң талап бар. Сонымен қатар, ғимаратта екі сағат сайын ылғалды тазалық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ал жалпы қолданыстағы заттарды зарарсыздандыру жұмыстары үш сағат сайын жүргізілуі тиіс. Бұл талаптар орындалмаса, базардың жұмысын тоқтатамыз, - дейді Асайын Байханов.

Мамандардың айтуынша, карантин кезінде тұрғны үйлердің маңындағы дүкендерді де тауармен қамту керек. Сол себепті ірі көтерме сауда нүктелерінің жұмысын тоқтатпау туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, Павлодар облысынеда 13-ші сәуірден бастап карантин режимі енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы