Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы Назарбаев даңғылында орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы әйел адамның қайтыс болғанын анықтаған.Басқарманың хабарлауынша, әйел адамның жасы 60-тар шамасында. Ол алған жарақаттарынан көз жұмған. Оқиға орны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды. Жазбада әйел адамның денесі жаяу жүргіншілер жолағынан бірнеше метр қашықтықта жатқаны байқалады.
Назарбаев даңғылы, 200 үйдің маңында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем 4 минуттың ішінде жетті. Өкінішке қарай, оқиға орнына келгенде бригада жаяу жүргіншінің биологиялық өлімін анықтады, - деді басқармада.