Павлодарда Ертісте жоғалып кеткен Ресей азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Ер адам таныстарымен бірге өзен жағасында демалып жүрген.

 pexels.com Бүгiн 2026, 16:13
Бүгiн 2026, 16:13
189
Фото: pexels.com

Павлодарда құтқарушылар Ертіс өзенінде жоғалып кеткен 36 жастағы Ресей азаматын іздеп жатыр.

Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 28 мамыр күні таңертең Луговая көшесі маңында болған. Ер адам таныстарымен бірге өзен жағасында демалып жүрген. Демалыс кезінде компания мүшелері алкогольдік ішімдік ішкен.

Ведомствоның хабарлауынша, ер адам алғашында суға түсіп, кейін жағаға қайта шыққан. Біраз уақыттан соң ол қайтадан өзенге қарай бет алғаннан кейін көзден таса болған.

Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ жоғалған азаматпен бірге болған адамдар полицияға жеткізілгені хабарланды. Оларға қоғамдық орында алкоголь ішкені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.

ТЖД өкілдері спирттік ішімдіктерді тұтыну судағы жазатайым оқиғалардың басты себептерінің бірі екенін еске салды. Құтқарушылардың мәліметінше, судағы қайғылы жағдайлардың басым бөлігі мас күйде шомылу салдарынан болады.

Наверх