Павлодарда «Ертіс толқыны» жобасы аясында ауқымды іс-шара өтті

«Заң мен тәртіп» облыстық жобасы аясында өткен.

 20 Шілде 2026, 13:28
20 Шілде 2026, 13:28
364

​Павлодар қаласында «Ертіс толқыны» облыстық жобасы шеңберінде ашық аспан аясында  «Час Х – Тәртіп кодексі» атты ашық алаң көрерменнің жылы ықыласына бөленді.

Аталған іс-шараға Аққулы ауданы жастары белсенді қатысып, өз өнері мен бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды.

​Бағдарлама аясында тұрғындар мен жастарға арналған музыкалық концерттік бағдарлама, қызықты ойындар, арт-аймақ, интерактивті фотозона және «Адалдық ағашы» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында қатысушылар адалдық, әділдік және заңға құрмет туралы өз ой-пікірлері мен ізгі тілектерін жазып, ағашқа ілді.

​Сонымен қатар, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау мақсатында ашық микрофон ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән орындауға мүмкіндік алды.

​Іс-шара барысында ұлттық және спорттық ойындар өткізілді. Атап айтқанда, асық ату, садақ ату, арқан тарту, гир көтеру және шашка сайыстары ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

​Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен және жеңімпаз атанған қатысушылар медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

​Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Жаннұр Ахметжанованың мәлімдеуінше іс- шара жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамдағы “Заң мен тәртіп” қағидаттарын дәріптеуге бағытталды.

Наверх