Павлодарда дәнекерлеуші алты метр биіктіктен құлап кетті

9 Желтоқсан 2020, 07:26
1339
Бөлісу:
Павлодарда дәнекерлеуші алты метр биіктіктен құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 желтоқсан күні сағат 11:45-те Павлодарда 46 жастағы дәнекерлеуші ғимараттың төбесінде дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде абайсызда алты метр биіктіктен құлап кеткен. 

Апат салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Аймақтық еңбек басқармасында ақпарат расталды.
 
Ведомство басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, олар ТЖ туралы хабарламаны бірден алған, тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, зардап шегуші Шығыс Қазақстан фирмасының кәсіпорнында жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы