Павлодарда былтыр 90-ға жуық отбасы ата-ана бақытына кенелді

8 Наурыз 2023, 09:02
760
Бөлісу:
Павлодарда былтыр 90-ға жуық отбасы ата-ана бақытына кенелді
Фото: semeytany.kz

Павлодарда былтыр 90-ға жуық отбасы ата-ана бақытына кенелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылы аймақ бойынша 281 жұп экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасынан өткен.

ЭКҰ іске асыру кезінде ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлінді.

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілетін квотаны аудандардан келген 75 ерлі-зайыпты алған. Облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына 103 квота берілсе, Ақсуға 16, Екібастұзда 87 жұп квотаға ие болған.

Барлық ерлі-зайыптылар бағдарламаны аяқтады.Оның ішінде оң нәтижеге қол жеткізіп, ата-ана бақытына қол жеткізген 86 жұп бар. Олардың арасынан екі отбасында егіздер дүниеге келді. Өкінішке қарай, 161 жұп теріс нәтиже алса, қалған 34-і күту кезеңінде, - делінген басқарма берген ақпаратта.

2021 жылы Алматы және Астана медициналық орталықтарына ЭКҰ тегін жүргізу үшін өңірге 290 квота бөлінген. Олардың ішінде ерлі-зайыптылардың 38,6% - ы оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Оның арасында үш егіздер мен екі үшем дүниеге келді.

Денсаулық сақтау министрлігі ЭКҰ бағдарламасының 11 жылында Павлодар облысына 335 квота бөлген.

Өзгелердің жаңалығы