Павлодарда бір үйдің үш қызын судан құтқарған полицей марапатталды

31 Шілде 2019, 04:25
1856
Бөлісу:
Павлодарда бір үйдің үш қызын судан құтқарған полицей марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аққулы ауданы ПБ кезекші бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғалымбек Жұмабаев бағалы сыйлық – қол сағатпен марапатталды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Полицейге сыйлықты табыс еткен департамент бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жасқайрат Қайыров батылдық әрекеті үшін полицейге өз алғысын білдіріп, қызметтік міндеттерін әрі қарай абыроймен атқаруға шақырды», - дейді департаментте.

Еске сала кетейік, биылғы жылғы шілде айында инспектор Ғалымбек Жұмабаев үш әпкелі-сіңлілі қыздарды Ертіс өзенінің ортасына қарай қатты ағыс суы әкетіп бара жатқан жерінен құтқарып алып қалған болатын.

Полицей еш ойланбастан суға бата жаздаған қыздарға қарай малтып, оларға жағаға шығуға көмектесті. Суға кете жаздаған қыздар Аққулы ауылының тұрғындары, 1996, 1999 және 2002 жылы туған әпкелі-сіңлілер.

Ажалдан аман қалған қыздардың ата-анасы полицейге алғыстарын білдірді.  

Өзгелердің жаңалығы