Павлодарда автомобиль жолдарын жөндеу және реконтсрукциялау бойынша 100-ге жуық жоба жүзеге асырылған

4 Ақпан 2023, 13:22
1271
Бөлісу:
Павлодарда автомобиль жолдарын жөндеу және реконтсрукциялау бойынша 100-ге жуық жоба жүзеге асырылған
Фото: den-der.kz

Ертіс өңірінде өткен жылы тас жолдарды жөндеу және реконстукциялау бойынша 92 жоба жүзеге асырылған, деп  хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Омардың айтуынша, жалпы елді мекен көшелерінің 400-ден астам шақырымы жөнделген.

Жобаларды іске асыруға 13,8 млрд. теңге бөлінді. 417 шақырымның ішіндегі қиыршықтастан асфальт жабындысына 280 шақырым ауыстырылған. Яғни, жаңа тас жолдар пайда болды. Биыл 105 жоба қолға алынады деп күтілуде. Жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша 42 жоба іске асып, ауылдардың 300-ден астам шақырымдық жолы қалыпқа келтіріледі. Айта кетерлігі, біз өткен жылдан бері Баянауыл және Май аудандарының арасын қосатын жол салу жобасын қолға алдық. Бұл Баянауыл ауданының туристік әлеуетін арттыруға және қос өңір арасындағы байланысты жақсартады. Енді тұрғындар айналма жол арқылы жүрмейді, - дейді Нариман Омар.

Республикалық жолдарға келсек, олардың жалпы ұзындығы 1663 шақырым бар. Олардың 1400 шақырымы жақсы жағдайда деп бағаланда. Десе де, 42 шақырымы қанағаттанарлық емес деңгейде емес. Былтыр 34 шақырымы «Орталық-Шығыс» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен. Атап айтқанда, «Омбы-Майқапшағай» жолының екі учаскесі реттелді. Екі нысан өткен жылдың соңында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 24 шақырымы да жөнделді. Әзірге, нысан қолданысқа берілмеді.

Жалпы, өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5522 шақырымды құрайды. 

Өзгелердің жаңалығы