Павлодарда атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде есептеледі

7 Қазан 2020, 20:00
1509
Бөлісу:
Павлодарда атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде есептеледі

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде биылғы төртінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арналған жәрдемақы автоматты түрде есептеледі.

Мамандардың айтуынша, мемлекеттік қолдауға ие болу үшін өтініш қажет етілмейді. Бұл шара мемлекеттік органдардағы адамдардың көп жиналуына жол бермеу мақсатында қолға алынған.

Бүгінгі таңда Ертіс өңірінде 14 мыңнан астам азамат атаулы әлеуметтік көмекке ие.

Осы жылдың басынан бері 4467 отбасы көмек алды. Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында бюджеттен 1260,4 млн теңге бөлінді. Ал кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен төрт мыңға жуық бала қамтылды. Олардың барлығы - 1 және 6 жас аралығындағы балалар, - дейді облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Камалова. 

Айта кетейік, осы жылдың қазанынан бастап елімізде алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген пакеттерді үлестіру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Қызмет әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетіледі. Енді ата-аналар балаларына арналған азық-түлік және гигиеналық заттар жиынтықтарына ғаламтор арқылы тапсырыс бере алады. Бұл тұрғыда сала мамандары кеңес беруге дайын.

Аймақ бойынша жоба аясында 213 отбасы көмекке ие болды. 



Өзгелердің жаңалығы