Павлодарда ағаш кесумен айналысқан жұмысшыларды тоқ соқты

4 Шілде 2023, 17:04
1181
Бөлісу:
Павлодарда ағаш кесумен айналысқан жұмысшыларды тоқ соқты
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Облыс орталығында ағаш кесумен айналысып жүрген 3 жұмысшы тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Усолка шағын ауданында болды.

«Ақпарат 112 пультіне түсті. Ағаш кесу жұмыстары барысында манипулятордің көтергіші құлап кеткен. Оның ішінде 21 және 23 жастағы ер азаматтар болды. Жұмыстардың жүргізілу барысында манипулятор электр тараты желілеріне тиіп кеткен. Салдарынан үш адам тоққа түсті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына төрт құтқарушы, апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері, 102 және 103 қызметтерінің мамандары келді. Зардап шеккендер Павлодар қаласының №1 ауруханасына жатқызылды.

«Үш науқас электр жарақатын алды. Екеуінің денесінің 40 және 30%-ын күйік шалды, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Ал біреуі күйік бөлімінде емделіп жатыр. Барлығы емдеу диагностикасы хаттамасына орай тексеру мен ем алып жатыр.   », - дейді қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі Марат Қанжығалин.

Мамандардың айтуынша, үшеуінің жағдайы тұрақты деуге негіз бар. Барлығы естерін жиған. 

Өзгелердің жаңалығы