Павлодарда абақтыдағы ұлына Sim-карталарын жібермек болған ана ұсталды

4 Сәуір 2021, 19:55
1437
Бөлісу:
Павлодарда абақтыдағы ұлына Sim-карталарын жібермек болған ана ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 22 ақпанда азаматша  тексеруден жасырып, АП-162/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ұлына осы мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттарды табыстаған,  деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық соттың баспасөз  қызметінің мәліметі бойынша,  тыйым салынған заттың ішінде «Beeline» және 500 бірлік салынған «Aсtiv»  Sim-карталары  болған. 

Зейнеткер осылайша ӘҚБтК 481-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Әйел  кінәсін толық мойындады. Оның жеке басын, мүліктік жағдайын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын, зейнеткерлік жасын ескере отырып, тыйым салынған заттарды тәркілей отырып, әкімшілік ескерту түрінде жаза тағайындады, - дейді баспасөз  қызметінде.  

 «Beeline» және 500 бірлік салынған «Aсtiv»  Sim-карталары тәркіленді.


Өзгелердің жаңалығы