Павлодарда бюджетің 46% әлеуметтік салаға бағытталады

3 Наурыз 2019, 15:49
2015
Бөлісу:
Павлодарда  бюджетің 46% әлеуметтік салаға бағытталады

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті сессиясында айтқан тапсырмаларды орындау масатында бюджеттік сала мамандарының жалақысы өседі.

Бұл туралы аймақ басшысы Болар Бақауов мәлімдеді.

«Елбасы өз сөзінде «Азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту- біздің басты басымдығымыз»,- деп атап өтті.

Енді біз жүйелі жоспар құрып, бір адамдай жұмысқа кірісуіміз қажет. Біз Елбасының тапсырмасын орындау аясында, көмекке мұқтаж әрбір адамға нақты көмек көрсетуіміз керек», - дейді Болат Бақауов.

Облыс әкімі өңірде әлеуметтік бастамалардың үш ірі блогі жүзеге асырылатынын жеткізді.

«Біріншіден, кірістерді арттыру және аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 52 мың павлодарлықтың жалақысы өседі. Олардың барлығы бюджеттік салада еңбек етеді. Бұл мақсатқа 6 млрд теңге бағытталады. Ал 2020 жылға дейін 12 млрд теңге игеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, төмен деңгейдегі 2,5 мың мемлекеттік қызметкердің еңбекақысы орташа есеппен 25%-ке көбейеді. Тұрмысы жақсара түсетін азаматтардың қатарында жетекші, бас мамандар, сектор меңгерушілері мен блім және басқарма жетекшілері бар», - дейді аймақ басшысы.

Съездде айтылған тапсырмалар аясында көпбалалы отбасылар басты назарда болмақ. Бүгінде облыс аумағында 400-ге жуық көпбалалы жанұя атаулы әлеуметтік көмек алады. Әлжуаз отбасыларды қолдау мақсатында 500 млн. теңге жұмсалмақ.

«Қазіргі таңда өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында аз қамтылған отбасылардың 3500 баласы тәрбие алуда. Олардың 2 мыңға жуығы – көпбалалы отбасылардың ұл-қыздары. Ал орта білім беру ұйымдарында көпбалалы және аз қамтылған жанұялардың 125,5 мың баласы оқиды. Оларға материалдық көмек көрсетуге биыл 851 млн. теңге бөлінеді. Кірісі аз отбасыларды қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млрд. 700 млн теңге бөлу қарастырылған», - дейді аймақ басшысы.

Облыс бюджетінің 46% әлеуметтік саланы дамытуға бағытталады. 

Өзгелердің жаңалығы