Павлодарда 6 млрд теңгенің жалған келісімшарттары жасалған

20 Қазан 2023, 23:11
705
Бөлісу:
Павлодарда 6 млрд теңгенің жалған келісімшарттары жасалған
Фото: Архив BAQ.KZ

Павлодар облысында мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілерді таңдау фактілері анықталды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Еңбек-Өскемен» РМК филиалымен және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады.​ Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізді. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды, - деп жазды бас қадағалаушы ведомство.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы (мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы