Павлодар жолдарына жарқырайтын тастар төселеді

28 Тамыз 2019, 23:13
1308
Бөлісу:
Павлодар жолдарына жарқырайтын тастар төселеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ондай тастар Павлодарда алғаш рет төселмек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ бөлімі көгалдандыру секторының бас маманы Арман Құсайыновтың айтуынша, Сәтпаев көшесінің батыс жағында, Торайғыров пен Қайырбаев көшелерінің аралығындағы жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша кеспе тастар төселуде.

«Қазір асфальт пен ескі төсеме тастарды бөлшектеу, дайындау жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін қиыршықтас пен құмды әкелуге дайындық жұмыстары басталады. Жұмысты мердігер ұйым «Промжилстройкомплекс» ЖШС жүзеге асыруда. Жөндеу тамыздың басында басталды, қарашаның ортасына дейін аяқталады» , - деді Арман Құсайынов.

ТҮКШ бөлімінің бас маманы атап өткендей, бұндай тастар осы бөлікте ғана болады. Болашақта оны басқа аумақтарда да қолдану жоспарлануда. Түстердің өзіндік үйлесімді гаммасы бар. Сұр - қызғылт сары - қоңыр қызғылт түстеріне басымдық беріліп, эстетикалық көрініс береді. Тапсырыс беруші – Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

Бірегейлігі жарқыраған төсеме тастары болады. Олар жарық түсіру қасиетіне ие.

«Қазақстанда өндірілген тас төсемелері диодты шамдар арқылы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Бұндай жұмыс түрлері Павлодарда бірінші рет жасалып отыр. Жалпы алғанда, 1800 шаршы метрге тас төселеді. Оның 10 шаршы метрі жарқырайды», - деді Арман Құсайынов.

Сонымен қатар, тастар үш түсті 3D суретімен төселеді.

«Еуропалық стандарттарға сай дайындалған тастар 1800 шаршы метр алаңды екі жағынан жарықтандырады. Ол әр екі метр сайын жолақ түрінде төселеді. Жарқырайтын тас – антивандалды, бітеу, ылғал өткізбейтін, соққыға төзімді. Оның қызмет ету мерзімі 5 жылдан асады», - деді мердігер компания өкілі.

Оған қоса, мердігер ұйым осы учаскеде 3,5 метр биіктікте 20 энергия үнемдейтін жарық диоды бар шамдарды орнатады. Сәндік шамдар әр 10 метр сайын орнатылады.

Сондай-ақ кішкентай сәулеттік формалар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады.

Биыл Саяжай шағын аудынындағы ардагерлер аллеясында ескі асфальттің орынына, Луначарский көшесінде Ақ мешіт маңындағы саябаққа кеспе тастар төселді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары қалалық мәдениет үйі маңында және Генерал Дүйсенов - Толстой көшелерінің қиылысында жалғасуда.

Жалпы, биылғы жылы парктер мен саябақтардағы ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 600 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы