Павлодар тұрғыны жарты тонна балықты ШҚО-дан заңсыз тасымалдаған

16 Қаңтар 2021, 00:15
1150
Бөлісу:
Павлодар тұрғыны жарты тонна балықты ШҚО-дан заңсыз тасымалдаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ірі көлемдегі балықты тиісті құжатсыз тасымалдағаны үшін Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ШҚО-ның тәртіп сақшылары облыстық «Өскемен-Самар» тасжолының 60 шақырымында «ГАЗ» автокөлігін тоқтатқан. 

Құжаттарды тексеру барысында Самар ауылынан Өскемен қаласына бағыт алған 30 жастағы жүргізуші салмағы 565 кг «рипус» балығын тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

ШҚО Полиция департаменті балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулағаны үшін ҚК-нің 355-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы