Павлодар тұрғындарына еңбек сапасын арттыру мәселесі түсіндірілді

29 Қыркүйек 2022, 17:47
1028
Бөлісу:
Павлодар тұрғындарына еңбек сапасын арттыру мәселесі түсіндірілді
PHOTO

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және  Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен құрылған арнайы мобильді топ Павлодар облысында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов және Еңбекмині Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаментінің директоры Евгений Губарев Железинский ауданына барып, халықпен, жастармен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлерімен, ауылдық округ әкімдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізді.

Павлодар тұрғындарына еңбек сапасын арттыру мәселесі түсіндірілді

Дәулет Арғындықов өз сөзінде халықты, әсіресе жастарды жұмыспен қамту, сондай-ақ еңбек ресурстарының сапасын арттыру мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Мәселен, жыл сайын мемлекеттік және жеке бастамалар шеңберіндегі жобаларда жастар үшін мемлекет субсидиялайтын 100 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады.

Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту кеңейтілетін болады. Жыл сайын 40 мың түлек жастар тәжірибесіне қатысады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушылар үшін жастар практикасы шеңберінде жүзеге асырылатын төлемдерге тең қосымша үстемеақы белгіленетін болады. «Бірінші жұмыс орны» жобасы ҰБТ тапсырмаған немесе оқуын жалғастырмаған мектеп түлектеріне бағытталатын болады, - деді Дәулет Арғындықов.

Ол Министрлік Агрокредиттік корпорациямен бірлесіп жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жылдық 2,5% жеңілдікті кредиттер беру тетіктері мен параметрлерін пысықтап жатқанын айтты. Жыл сайын 6 мыңға жуық жас осы қолдау шарасын пайдалана алады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарға олардың бизнес-идеяларын іске асыру үшін жыл сайын 1,2 млн теңгеден астам сомада 9 мың қайтарымсыз грант берілетін болады.

Павлодар тұрғындарына еңбек сапасын арттыру мәселесі түсіндірілді

Дәулет Арғындықов сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы аясында еңбек ресурстарының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылғанын хабарлады. Қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, мемлекеттің құзыреттерін арттыру үшін ортақ жауапкершілігін көздейтін жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы қалыптастырылды.

Ұлттық біліктілік жүйесін қайта жүктеу шеңберінде: жұмыс берушілердің қатысуымен кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс бағдарланатын кәсіптік стандарттарды әзірлеу; біліктілікті бағалаудың тәуелсіз орталықтары институтын іске қосу және жұмыс берушілер үшін қызметкерлерді оқытуға қосымша қаржылық ынталандыруды енгізу көзделеді. Кадрларды сертификаттау біліктілікті де, жеке дағдыны да тануға мүмкіндік береді. Бұл ретте сертификат, тіпті диплом болмаса да, жұмысқа жіберу үшін негіз болады, – деп атап өтті ол.

Павлодар тұрғындарына еңбек сапасын арттыру мәселесі түсіндірілді

Сонымен қатар Железинский ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мобильді топ мүшелері Жолдаудың және Әлеуметтік кодекстің басқа да маңызды бағыттарын іске асыру – Отбасының цифрлық картасын енгізу, Электрондық еңбек биржасы базасында цифрлық экожүйені қалыптастыру, азаматтарды жаппай оқытудың жаңа мүмкіндіктері, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру және т. б. туралы айтып берді.  

А.ж. 30 қыркүйекте мобильді топ Павлодар облысының Ертіс ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және халықпен кездесуді жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы