Павлодар қаласында төртінші жылу орталығы салына ма?

12 Мамыр 2023, 16:32
911
Бөлісу:
Павлодар қаласында төртінші жылу орталығы салына ма?
Фото: автордан

Облыс орталығында 2000-шы жылдары төртінші жылу электр орталығын салу көзделген. Қазіргі уақытта бұл концепция өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Мамандардың айтуынша, жаңа энергия көзін қаладағы екінші жылу орталығының жанынан салу көзделген. Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы орталықтың ресурстарының мерзімін ұзарту қарастырылды.

Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, өткен жылу маусымында жылу тапшылығы болған жоқ.

Яғни, жылуға қатысты шағымдар саны азайды. Десе де, облыс орталығының Оңтүстік бөлігінде алдағы уақытта жылу энергиясының тапшылығы болады деп күтілуде. Бұған дейін ERG компаниялар тобымен келіссөздер жүргізілді. Кәсіпорын №8 бойлерлі құрылғыны жөндеуді өз жауапкершілігіне алды. Құрылғы жұмысының арқасында қосымша 118 гигокаллория көлемінде энергия өңделеді. Бұл жұмыстар биылғы жөндеу науқанында аяқталады. Нәтижесінде алдағы бес жыл ішінде жылу тапшылығы мәселесі туындамайды деген болжам бар, - дейді Ержан Салханов.

Айта кетейік, облыста энергия көздері мен жылу желілерінің жағдайын анықтау мақсатында техникалық аудит жүргізілді.

Павлодар қаласында үш ЖЭО мен жылу желілері тексерілді. Шамамен 100 шақырымдық және әкімдік иелігіндегі кварталішілік 340 шақырымдық желі бар. аудит нәтижесінде инфрақұрылымның 80%-ы ескіргені анықталды. Басым бөлігі – өз ресурстық мерзімінен шығып кеткен құбырлар. Құбырлардың нормативтік қызмет көрсету мерзімі 25-30 жыл. Ал біздің аумақта 50 жылдан астам қолданыстағы желілер бар. Тозығы жеткен құбырлардың үлесін азайту үшін оларды ауыстыру керек, - дейді Павлодартехэнерго» ЖШС басшысының орынбасары Сергей Олейник.

Айта кетейік, биыл жөндеу науқаны барысында 49 шақырымдық желіні ауыстыру көзделген. Сонымен қатар, температуралық және гидравликалық сынақтар өткізілді. Нәтижесінде Павлодар қаласында коммуналдық құбырларда 250-ден астам ақау анықталды. Олардың барлығы алдағы науқанда жөнделуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы