Павлодар өңірінің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

5 Қазан 2022, 16:58
859
Бөлісу:
Павлодар өңірінің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1031 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Иванович Баталов;

«Құрмет» орденімен «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМҚК оқытушысы – жаттықтырушысы Азамат Шұғаұлы Мақажанов;

«Құрмет» орденімен «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақстан алюминийі» АҚ учаске бастығы Еркеблан Хаджи-Мұратұлы Хусаинов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстан» РТРК» АҚ меншікті тілшісі Болат Советұлы Аманбаев наградталды.

 

Өзгелердің жаңалығы