Павлодар өңірінде «2000 мектеп» акциясы өтіп жатыр

24 Мамыр 2023, 16:17
554
Бөлісу:
Павлодар өңірінде «2000 мектеп» акциясы өтіп жатыр
Фото: BAQ.KZ

Ертіс өңірінде «2000 мектеп» республикалық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Балаларды кәсіби бағдарлауға бағытталған шара осымен төртінші рет ұйымдастырылуда. Акция акцияны өткізуге үлес қосып жүргендердің қатарында облыстағы жол активтері ұлттық сапа орталығының қызметкерлері бар. Мамандар мектеп оқушылары мен колледж студенттерімен кездесіп, мамандық таңдау бойынша кездесулер өткізеді.

Акция шеңберінде жол саласында еңбек етуге ниет еткен студентерді өндірістік тәжірибеден өтуге шақырамыз. Бүгінде жол құрылысына қажет мамандықтар әрдайым сұранысқа ие. Жастар білікті мамандардың жанында жүріп, тәжірибе алмаса алады. Жаз - жол зертханада жұмыстың ең қызып жатқан шағы. Тәжірибеден өту ақылы. Студенттер үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. Оған қоса, оқу орнын тәмамдаған соң жұмысқа келе алады, - дейді орталық мамандары.

Акция аясында оқушылардың қатысуымен ай сайын Ашық есік күні шарасы өтеді. Жеткіншектер сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және сынақтарды ңжүргізілуін өз көздерімен көре алады.

Зертханада инертті материалдарды тексеруге, сондай-ақ, қиыршықтас, асфальтобетон және битумды тексеруге арналған кабинеттері бар.

Айта кетейік, төрт жыл ішінде ұлттық жол сапа орталығы Павлодар филиалының қызметкерлері қала мен облыстың 250-ден астам мектебінде үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, 15 000-нан астам оқушыны қамтыды.

Өзгелердің жаңалығы