Павлодар облысының тұрғынынан пулемет табылды

26 Шілде 2023, 13:48
746
Бөлісу:
Павлодар облысының тұрғынынан пулемет табылды
Фото: Polisia.kz

Жергілікті полиция Павлодар облысының тұрғынынан тапанша-пулеметті тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысы полиция департаментінің ҰҚҚКБ қызметкерлері Павлодар облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Майқайың кентінің 33 жастағы тұрғынын ұстады. 

Одан УДЗ пулеметі, сондай-ақ 9 мм калибрлі екі патрон тәркіленді. 

Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, – деді Павлодар облыстық ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов. 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабына сәйкес, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүрген адам екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстарымен жазаланады. 

Өзгелердің жаңалығы