Павлодар облысының ауылында «Open әкімдік» таныстырылды

29 Қараша 2020, 11:48
1452
Бөлісу:
Павлодар облысының ауылында «Open әкімдік» таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл Ақтоғай ауданының тұрғындары үшін маңызды оқиға болды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Аудандық білім бөлімінің бірінші қабатында орналасқан «Open әкімдік» барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілген, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық жағдай бар.

Жаңа кеңсе жергілікті атқарушы биліктің барынша сервистік қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді, халық пен мемлекеттік қызметшілер арасындағы сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудегі кедергілерді жояды, – деді аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Шайкенов. 

Енді ауыл тұрғындары ХҚКО сияқты «бір терезе» қағидаты бойынша кабинеттер алдында кезек күтпей-ақ кеңестер мен қажетті қызметтерді ала алады.

Өзгелердің жаңалығы