Павлодар облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

8 Наурыз 2022, 15:45
1286
Бөлісу:
Павлодар облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының ікімі  Әбілқайыр Сқақов 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 Қымбатты ханымдар! Құрметті Павлодар облысының арулары! Сіздерді шын жүректен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Жыл сайын бұл мереке жаңа мағынаға ие болып, жаңа тұлғаларды танытып келеді. Мерекені әр түрлі пайымдауға болады, алайда, оның түбінде сіздерге ғана тән - жаңа өмірді қалыптастыратын, ешқашан сарқылмайтын күш бар. Әйел-ана бізге өмір сыйлап, алғашқы қадамдарымызға қуанып, ғұмыр бойы аналық ақ тілеумен қолдайды. Әйелдер құрылыс саласында еңбек етіп, компания басшылығында қызмет етеді, жаңалықтар ашып, рекордтар орнатады, басқа да биік шыңдарды бағындырады. Осы үшін де бүкіл әлем әйелдерге тәнті болып, шабытына қанат бітіреді, - делінген құттықтауда.

Сондай-ақ аймақ басшысы аяулы ханымдарға мықты денсаулық, құт-береке мен барлық жақсылықты тіледі

 Көктемнің тамаша күні сіздерге және отбасыларыңызға қуаныш пен жылылық сыйласын! Барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік серік болсын! - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы