Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Тереңкөл ауылында және Железин ауданында болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Біз орта өнеркәсіптік кәсіпорындарды жүктеуге барынша көмек беруіміз керек. Бүгінде кәсіпорындардың белгілі бір бөлігінің үштен бірі жүктелген. Бұл олардың не шығынсыз жұмыс істейтінін, не ең төменгі кіріспен жұмыс істейтінін білдіреді. Сонымен қатар олардың өнімі сұранысқа ие, бірақ олар басқа қазақстандық кәсіпорындардан немесе көрші елдерден сатып алынады. Біздің міндетіміз – қазақстандық қамту үлесін арттыру және импортқа барынша аз тәуелді болу. Бұл жыл жергілікті тауар өндірушілерді барынша қолдау жылы болуы керек, - деді Әбілқайыр Сқақов жөндеу зауытының ұжымымен кездесу барысында.
Сондай-ақ өңір басшысы "Ет-Бастау" ЖШС-нің цехында болды. Бүгінде мұнда мал сою жүзеге асырылуда және олар тауарлық ет өндірісі мен экспортын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар кәсіпорында әсіресе қыста және көктемнің басында шикізат жеткізу жағынан мәселе туындайды. Осы себепті компания басшылығы жем-шөп жинау үшін жеке бордақылау алаңы мен суаруды іске қоспақшы.
Тереңкөл ауданында облыс әкімі "Береговое-Агро" ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативінің мүшелерімен кездесті. Сегіз шаруа қожалығының өкілдері бірігіп, 2530 гектар жерді суаруға арналған суару жүйесін салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға тапсырыс берді. Қазірдің өзінде ауданда құны 1,1 млрд теңгеден асатын осы жобаны іске асыруға кірісіп кетті. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасына енгізілген нысанды төрт айдан соң тапсыру жоспарлануда. Әбілқайыр Сқақов мұндай ірі бюджеттік инвестициялар фермерлерге үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты. Олар өз кезегінде көкөністер мен жемшөп дақылдарының өнімділігі мен шығымдылығын арттырулары қажет.
Біз стратегия әзірлейтін боламыз, оған сәйкес суару жүйелеріне қосылған шаруа қожалықтары жоғары дайындық деңгейін көрсетулері қажет. Олардың суаруды дамыту бойынша нақты жоспарлары болуы тиіс. Су өткізіліп, ол пайдаланылмай қалмауы керек. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша бөлінген ақшаның қайтарылатынын ескере отырып, 5-6 жылдан кейін осы жұмыстың алғашқы оң нәтижелерін көргім келеді - сүт-тауар фермалары салынып, көкөніс өндіру көлемі артып, жем-шөп базасы нығая түссе. Осымен бүкіл жобаның тиімділігі дәлелденетін болады, - деп мәлімдеді өңір басшысы.
Бүгінде біз 9,2 мың гектар жерді тұрақты суарамыз, - деді шаруа қожалығының басқарушысы Олег Литвиненко. - Сүрлемге және дәнге арналған жүгері өсіреміз, жоңышқа өндірумен кәсіби айналысамыз. Біздің шаруашылық жоңышқа шөбінің әлеуетті өнім берушісі ретінде Қытай нарығына шығуға ресми рұқсат пен келісім алды.
Өңір басшысы Железин ауданының басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындарының – "Агро Капитал" ЖШС және "КАБ" шаруа қожалықтарының алқаптарында болды. Фермерлер агроөнеркәсіптік кешен өкілдерін қолдауға арналған барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тырысатындықтарын айтып, сүт және сиыр етін дамыту перспективалары туралы айтты.