Павлодар облысында жыл басынан бері 72 адам коронавирустан көз жұмды

6 Мамыр 2021, 03:33
1689
Бөлісу:
Павлодар облысында жыл басынан бері 72 адам коронавирустан көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың басынан аймақта КВИ-ден 72 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Олардың көбі – егде жастағы, бұрынғы аурулары бар адамдар. Сондай-ақ жыл басынан бері пневмониядан 13 адам көз жұмды, – деді Айдар Сейітқазинов.
Басқарма басшысы облыста вакциналау қарқынды жүргізіліп жатқанын айтады. Вакцина қабылдауға ниет білдіргендердің көптігіне байланысты екпе салатын жылжымалы кешендердің саны артқан.
Бүгінде облысымызда ресейлік Спутник V вакцинасының бірінші компонентін 53 956 адам, екінші компонентін 16 723 адам қабылдады. Ал отандық QazVac вакцинасы 908 адамға егілді. Жалпы, күніне ең көп дегенде 5 мың, ең аз дегенде 1 мың адам вакцина қабылдауда. Соңғы тәулікте 3600 адам екпе алды. Облыс орталығында вакцина салатын жылжымалы кешен шығардық. Алғашқысы сапаржайдың маңында орналасты. Кейін ниеттілердің саны көп болған соң, қай жақтардан өтініш көп түскенін саралап, тағы 4 кешен шығардық, – деді Айдар Сейітқазинов.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Павлодар облысында 116 адамнан КВИ анықталған. 72 адам індеттен жазылып шықты.

Өзгелердің жаңалығы