Павлодар облысында жыл басынан бері 500-ден астам адам тыныштықты бұзған

16 Ақпан 2022, 18:00
1255
Бөлісу:
Павлодар облысында жыл басынан бері 500-ден астам адам тыныштықты бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жыл басынан бері 500-ден астам адам тыныштықты бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Павлодар облысында полицияға Астана 46 көшесінде тұратын зейнеткер хабарласып, төмендегі көршілеріне шағымданды. 

Белгілі болғандай, осындай кешкі уақытта балалар пәтерде жүгіріп ойнаған. Сонымен қатар 48 жастағы тұрғын көршілердің қатты әуенінен шаршап, 102 нөміріне қоңырау шалды. 

Тексеру барысында 35 жастағы көршісінің музыканы қатты тыңдағаны анықталды, ол өз әрекеттерін туған күнін атап өтуімен түсіндірді. Түнгі уақытта құқық бұзушылық жасағаны үшін барлық тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады. 

Павлодар өңірінде жыл басынан бері 522 адам түнгі уақытта шу көтерген. Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБК 437-бабына (Тыныштықты бұзу) сәйкес (сағат 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін) адамдардың демалуына кедергі келтіріп, тыныштығын бұзатын шу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады. Егер бір жыл ішінде қайталап бұзушылық болса, айыппұл екі есе артады.

Өзгелердің жаңалығы