Павлодар облысында жұқпалы вирустық инфекциясын жұқтырғандар көбейді

24 Қараша 2022, 19:45
1368
Бөлісу:
Павлодар облысында жұқпалы вирустық инфекциясын жұқтырғандар көбейді
Фото: автордан

Ертіс өңірінде жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны арта түсті, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Сала мамандарының айтуынша, соңғы аптада ауру жұқтыру деңгейі күрт өсті. Санмен айтқанда 2,5 мың адам инфекция жұқтырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

«Аймақта эпидемиологиялық маусым бірінші қараша күні басталды. Осы күнге дейін инфекция жұқтырғандар саны 10 мыңға жетті. Өткен жылдың салыстырмалы кезеңіндегі көрсеткіш 18 мың болған. Сондықтан, эпидахуал әлі де ушығуы мүмкін. Осы кезеңде , сонымен қатар, тұмаудың сегіз жағдайы тіркелді. Олардың бесеуі Павлодар қаласында анықталды. Барлық деректер зертханалық деңгейде расталды», - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Елена Сухоносенко. 

Өңірде ЖРВИ-мен күресудің жедел шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес емханалардың жұмысы таңғы 08.00-ден 20.00-ге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, вирус жұқтыру белгілері бар адамдар үшін емхана жанындағы таңертеңгі сүзгі жұмысы ұйымдастырырылды. Мамандардың айтуынша, вируспен күресудің ең тиімді жолы – екпе салу. Биыл павлодарлықтар 90 мың дана вакцина алған. Ал өңірдің ірі кәсіпорындары иммунда ушараларын өз есебінен жүргізеді. Екпенің көмегімен екі апта ішінде адам ағзасында вирустық инфекцияларға қарсы иммунитет қалыптасады. 

«Вирусқа шалдыққандар арасында балалар көп. Жеткіншектерде жоғары температура, демікпе, әлсіреу сияқты белгілер байқалады. Осы жылдың қазан айында тұрғындар тарапынан 1000 шағым түссе, осы айдың 20 күні ішінде 1600 адам хабарласты. Бүгінде облыстық балалар ауруханысының стационарында 200 ұл-қыз ем қабылдап жатыр. қосымша 43 төсек-орын әзірленді», - дейді облыстық балалар аурухасының дәрігерлері. 

Мамандар ауру белгілері анықталған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес береді. Дертке шалдыққан кезде уақыт өткізіп алмаған жөн.

Өзгелердің жаңалығы