Павлодар облысында жолақыны электронды түрде төлеу жемісін берді

31 Қаңтар 2023, 17:39
1200
Бөлісу:
Павлодар облысында жолақыны электронды түрде төлеу жемісін берді
Фото: автордан

Ертіс өңірінде қоғамдық көлікпен жүру жолақысын электронды түрде төлейтін жолаушылардың үлесі артты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі. 

Айта кетейік, Павлодарда өткен жылдың желтоқсанында жолақыны төлеу түріне байланысты сараланған тариф енгізілді. Қолма қол төленсе қоғамдық көлікте жүру 130 теңге, ал арнайы карта бойынша төленсе, 80 теңгені құрайды.

Дифференцияланған тарфиті енгізудің нәтижесінде бір ай ішінде қолма қол емес төлемдердің үлесі 32%-ға артты. Нақтырақ айтқанда, электронды түрде төлеу 87%-ды құрады. Бір күнде қоғамдық көліспен орташа есеппен 165 мың рет жүру тіркеледі. Олардың 22 мыңы – зекнеткерлерге, 10 мыңы тегін жүретін азаматтарға, 23 мыңы – оқушыларға және 107 мыңы стандартты жолаушыларға тиесілі.  Бір күнде орташа есеппен 149 мың транзакция жүргізіледі, - дейді Павлодар қалысы әкімінің орынбасары Арслан Қалиақбаров.

Бүгінде облыс орталығында жолаушы тасымалдайтын 34 маршрут бар. Павлодарға қарасты бес елді мекенге де жолаушы тасымалданады. Бір күнде желіге үлкен классты 90 және шағын классты 75 қоғамдық көлік шығады. Еске салсақ, өткен жылы тегін және жеңілдетілген тарифпен жүретін  азаматтардың бөлек санаттары үшін жолақы құнын өтеу бағдарламасына 742 млн. теңге бөлінген. Ал биыл 1 млрд. теңге қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта 16 санатқа жататын тұрғындар арнайы тарифпен жүреді. 

Сала мамандарының хабарлауынша, 26 бағыт әлеуметтік маңызы бар деп танылған. Тағы алты маршрут бойынша жүретін тасымалдаушыларды да осы санатқа енгізу қарастырылып жатыр. 

Айта кетейік, аймақта автобус паркін жаңарту жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен, Павлодар қалалық автобус паркі жаңа 10 көлікпен толықты. Су жаңа автобустар 111 маршрут бойынша жолаушы тасымалдайды.  Енді көліктердің жүру жиілігі 15-17 минутты құрайды. Әр автобустың сыйымдылығы 85 адамды құрайды. Қазіргі уақытта валидатор, GPS навинаторлар мен өзге құралдар орнатылып жатыр. Биыл тағы 30 автбус сатп алынады деп күтілуде. 

Өзгелердің жаңалығы