Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан 5 адам қаза тапты

31 Тамыз 2020, 20:00
1306
Бөлісу:
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан 5 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты деп хабарлайды Polisia.kz. 

29 тамызда сағат 11.20-да полицияға жол-көлік оқиғасы туралы полицияға келіп түсті. Оқиға орнына келген Баянауыл ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы “Қалқаман – Баянауыл – Үміткер” автожолының 91-шақырымында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны “ВАЗ 21713” көлігімен қарсы қозғалыс жолағына шығып, Баянауыл тұрғынының басқаруындағы “ВАЗ 21703” автокөлігімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты (“ВАЗ 21713” автокөлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы, “ВАЗ 21703” автокөлігінің бір жолаушысы), тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Өзгелердің жаңалығы