Павлодар облысында жол бақылауға алынып, кезекшілік орнатылды

1 Сәуір 2024, 00:03
487
Бөлісу:
Павлодар облысында жол бақылауға алынып, кезекшілік орнатылды
Фото: видеодан кадр

Павлодар облысында жол бақылауға алынып, кезекшілік қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.

31 наурызда "Жанажол-Ескелді, Баянауыл ауданы" тас жолының 2 шақырымында еріген қардың суының салдарынан ауданы 250 м, биіктігі 40 см болатын судың тасуы орын алды. Көлік қозғалысының барлық түріне шектеу қойылды, - делінген компанияның ақпаратында.

Оқиға орнына 3 маман мен 1 бірлік техника жұмылдырылды. Жол бақылауға алынып, кезекшілік орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы