Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станцияға баратын көпірде Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Volvo маркалы автобусты басып озып, қарсы жолаққа шыққан кезде Audi жеңіл көлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады департамент.
Жол апатына қатысты ексеру жүргізіліп жатыр.