Павлодар облысында жеті мың оқушы лагерьге барады

9 Маусым 2023, 15:45
860
Бөлісу:
Павлодар облысында жеті мың оқушы лагерьге барады
Фото: Павлодар облысы оқушылар сарайының баспасөз қызметінен

Ертіс өңіріндегі оқушылар сарайының педагогтері жазғы каникул кезінде жеті мың оқушыны демалыспен қамтуды жоспарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипованың айтуынша, дәстүрлі жазғы лагерь жұмысы қызықты бағдарламаларды жүзеге асырмақ.

Павлодарлық оқушылардың демалысы орталық жағалаудың сахнасында өткен «Ertis bala fest» балалар фестивалінен бастау алды. Осыдан екі жыл қатарынан Халықаралық балалар күніне орай бұл жерде «Егіздер шеруі» өткізіліп келеді. Мұнда 3-16 жас аралығындағы жас спортшыларды, әртістерді, өнертапқыштарды, әр түрлі байқаулардың жеңімпаздарын көзіміз шалды. Мерекенің басты мақсаты - отбасы мен балаларды қолдау, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайту, шығармашыл балаларға барынша жағдай жасау, балалардың жеке, сахналық қабілеттерін дамыту, - дейді Әсем Аипова.

Мамандардың мақсаты да сол – жаз кезінде балалардың шағырмашылығын дамытып, жеке тұлға болып қалыптасуына сеп болу. Балғындардың кез келген бастамаларын қолдап, үздік идеяларын жүзеге асыруға атсалысу.

Павлодар облысында жеті мың оқушы лагерьге барады

«Жаз bala Fest» балалар лагерінде әр жеткіншек ғылыми жоба жазу, ғарыш әлемін зерттеу, робототехника саласында жұмыс жасау, ән шырқап, би билеу, әдемі сурет салып, сәнді киім тігу, шаштараз өнерімен айналысып, IT-мектебінен сабақ ала алады. Тіпті бизнеске алғаш қадам басуға зор мүмкіндіктері бар. 6-15 жас аралығындағы «Каникулы в Джуманджи» атты лагері балалардың сүйікті мекеніне айналды. Бұл жерде оқушылар өз қалаулары бойынша үйірмелерді таңдап, тілдерді үйреніп, кинолекторий, бассейн, планетарийге барады, - дейді әдіскер.

Жалпы, каникулда ұл-қыздар назарына ғылыми-техникалық, астрономиялық, экологиялық, көркемөнер, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері бағыттары бойынша 50 студия мен клубтың есігі айқара ашылады.

Айта кетейік, биылғы жылы өңірде 108 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады. 12 қала сыртындағы және 400-ден астам мектепалды лагерьлері жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы