Павлодар облысында жас кәсіпкерді қолдаудың жаңа бағдарламасы енгізілді

13 Қазан 2020, 01:11
1238
Бөлісу:
Павлодар облысында жас кәсіпкерді қолдаудың жаңа бағдарламасы енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста Zhas-Halyq. Ertis акциясы басталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медет Шоқанов айтып өткендей, 20-30 жас аралығындағы азаматтарға жылдық бес пайыздық үстемемен 15 млн теңгеге дейін несие беріледі. Несиелер саны шектелген. 

Өтініштер бүгіннен бастап 26 қазанға дейін zhashalyk.kz порталында қабылданады. 1-2 қараша аралығында кредит иелерін арнайы комиссия анықтайды. 

«Қазақстан Халық банкі» облыстық филиалының директоры Анатолий Бойчин аталған акция шағын және орта бизнесті дағдарыс кезінде қолдап, экономикалық шығындарды кеміту мақсатында жүзеге асырылмақ.

Осы мақсатқа банк 400 млн теңгеге жуық қаражат бөледі. Акция 2021 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Басты талап – жобалар қызықты әрі нақты негіздемесі болуы шарт. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда банк бұл акцияны кеңейтуге даяр, - дейді Анатолий Бойчин. 
Жоғарыда атап өткеніміздей, жобаға 30 жасқа толмаған кәсіпкерлер қатысады. Ол үшін жастар бизнес-жоспар мен қысқа бейнеролик түсіріп, zhashalyk.kz порталына жолдауы тиіс. 

Жобаның Zhas-Halyq.Ertis деп аталуын қолдаймын. Оның студенттер мен жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландыруға мүмкіндік беретініне сенемін. Осы орайда қала және аудан әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын, - деді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Сонымен бірге, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өтініштерді қарастыру процессі барынша жеңіл өткізіліп, берілген несиелердің жұмсалуын мониторингілеуді қолға алу қажеттілігін атап өтті.    



Өзгелердің жаңалығы