Павлодар облысында жаппай улану бойынша тергеу басталды

30 Мамыр 2022, 12:53
1286
Бөлісу:
Павлодар облысында жаппай улану бойынша тергеу басталды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысы Ертіс ауданында болған жаппай улану бойынша тергеу басталды. Бұл туралы полиция департаментінің өкілдері хабарлады.

Қазіргі уақытта сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Ертіс ауылының жеті тұрғыны белгісіз сұйықтықты ішіп, қайтыс болған.

Мүрделер бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Белгісіз сұйықтықты Ертіс ауданының тұрғыны үйінде сақтағаны анықталды. Қазіргі уақытта сұйықтық болған 10 литрлік ыдыстардың барлығы тәркіленді. Оның қалдықтары бойынша да сараптама жүргізіледі. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Бұл оқиғаға қатысы тек бір адам ғана аман қалды. Ол азамат сұйықтықтың иесі емес. Көз жұмған жеті азамат сол сұйықтықты ішкен. Оны жиналған кезде тұтынған, - дейді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Еске сала кетсек,  белгісіз сұйықтықты тұтынған азаматтар екі күннің ішінде бақилық болды. Үш адамның денесі өз үйлерінде табылған. Нақтырақ айтқанда, 67 жастағы ер азамат пен оның 32 жастағы ұлы және 53 жастағы Ертіс ауылының тұрғыны. Тағы үш адам аудандық ауруханада көз жұмды. Ал кеше жансақтау бөлімінде жатқан тағы бір 48 жастағы тұрғын дүниеден өтті.

Өзгелердің жаңалығы