Павлодар облысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан шетелдік анықталды

30 Қараша 2022, 14:39
747
Бөлісу:
Павлодар облысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан шетелдік анықталды
Фото: Polisia.kz

 Павлодар облысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан шетелдік анықталды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде Ақсу қаласы Қамзин көшесі, 19 мекенжайы бойынша учаскелік полиция инспекторы тұрмыстық техниканы сатып тұрған адамды байқады. Полиция қызметкері азаматтан қандай заттарды сатып тұрғанын және ол техниканың құжаттары бар-жоғын сұрады.

 Құжаттарды тексеру кезінде 29 жастағы ер адамның Молдова Республикасының азаматы екендігі және Кишинев қаласында тұратындығы анықталды. Қазақстан Республикасына қыркүйек айында жеке сапармен келген екен. Алайда ер адам кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қайрат Жұмағұлов. 

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша Молдова азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал жасалды.

 Бұдан басқа шетелдіктің Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, яғни жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмегеніне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотта қаралды, оның шешімімен бұзушыға 30 АЕК (88 603 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Айта кету керек, осы жылы Павлодар облысында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 90 азамат, ал шетелдіктердің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін қызметпен айналысып, Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 1378 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы