Павлодар облысында заңсыз ағаш ұрлаған ер адам құрықталды

5 Ақпан 2023, 14:18
855
Бөлісу:
Павлодар облысында заңсыз ағаш ұрлаған ер адам құрықталды

Павлодар облысында заңсыз ағаш ұрлаған ер адам құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Аққулы ауданында заңсыз ағаш тасымалдаған ер адам анықталды. Полиция қызметкерлері Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Тереңкөл ауданының 48 жастағы тұрғынының басқаруымен КамАЗ автокөлігін ұстады. 

Тексеру кезінде жүргізушінің қарағай ағашын тасымалдағаны анықталды, бұл ретте ағаш көлемі ілеспе құжаттарға сәйкес келмеді, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы