Павлодар облысында тағы екі адам Covid-2019 -дан жазылып шықты

30 Сәуір 2020, 13:14
1314
Бөлісу:
Павлодар облысында тағы екі адам Covid-2019 -дан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазылып шыққан адамдар Павлодар қаласында тұратын ерлі-зайыптылар. Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 10 сәуірде КВИ инфекциясы бар адаммен қарым-қатынаста болғандықтан 1982 жылы туған ер адам мен 1986 жылы туған әйел адамнан талдау-сынама алынған. Оларда 2020 жылғы 11 сәуірде КВИ инфекциясы анықталды.

2020 жылғы 29 сәуірде науқастардан екі рет алынған талдаудың теріс нәтижесі негізінде, ауруханадан шығарылды. Олар 14 күн бойы үй карантинінде медициналық бақылауда болады.

Өзгелердің жаңалығы