Павлодар облысында төрт ПТР-зертхана ашылады

31 Тамыз 2020, 12:41
1482
Бөлісу:
Павлодар облысында төрт ПТР-зертхана ашылады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қазіргі уақытта полимераздық реакцияға арналған бес зертхана жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы тәулігіне 1400-ге дейін зерттеу жүргізеді. Алдағы уақытта тәуліктік қуаттылығы үш мыңға жететін тағы төрт зертхана ашылады.

Бұл коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта аймақта аурулардың нақты диагностикалау шеңберінде зертханалар желілері кеңеюде. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында бір тәулікте 1000 зерттеу жүргізуге қауқарлы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Арман Исақаевтың айтуынша, Ақсу өңіріндегі зертхана мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтерді. 

Жобаның құны - 62 млн теңге. Қазіргі уақытта облыста ұлттық зерттеу орталықтары бар. Олар COVID-19 инфекциясын анықтауға бағытталған. Біздің аймақта коронавирустық инфекцияның таралуының екінші толқынына дайындық басталды. Бүгінде кадрлық резерв жасақталып жатыр. Мамандар оқытылып жатыр Облыста эпидемиологиялық жағдайдың ушығып кетпеуі үшін қосымша 150-ге жуық жасанды демалу аппараты мен көшпелі кешендер әкелінбек. Ал провизорлық стационарлардағы резервті төсек-орындар саны бес мыңға жеткізілмек, - дейді Арман Исақаев. 

Қазіргі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Десе де, медициналық ұйымдардың дайындықтары бәсеңсіген жоқ.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, індеттің ушыққан кезінде ел үкіметі тарапынан бөлінген 1 млрд теңгеге жуық қаражат зор қолдау болды. 

Бұл қолдау коронавирустық инфекциямен күрес кезінде көптеген мәселеyі оң шешуге сеп болды. Бұл қаражатқа жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. Атап айтқанда, 2,3 млн дана медициналық бетперде, 110 мың респиратор, 120 мың обаға қарсы костюм, 9 мыңнан астам антисептик сатып алынды. Бүгінде облыстық медицина ұйымдарында қорғаныс құралдарының 45 күндік қоры бар, - дейді сала мамандары. 

Ал өңір дәріханаларын дәрілік қормен қамту мақсатында тұрақтандыру қоры құрылды. Екі айлық қор дайын. Ал мобильді бригадалардың саны 2 есеге артты.
 


Өзгелердің жаңалығы