Павлодар облысында соңғы екі жылда оннан астам кәсіпкер жемқорлыққа қатысты сотталған

3 Сәуір 2022, 18:25
2341
Бөлісу:
Павлодар облысында соңғы екі жылда оннан астам кәсіпкер жемқорлыққа қатысты сотталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнесмендермен кездесуде Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында ол соңғы 2 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық үшін Павлодар облысының 12 кәсіпкері қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

 «Арт-Class» ЖШС директоры жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына мүмкіндігі шектеулі адамдарға ноутбуктер жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарының қорытындыларының оң шешімін қамтамасыз еткені үшін 14,5 миллион теңге сомасында пара бергені үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деді Мұратбек Қасымов.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және басқа да мәселелерді шешу үшін «Атамекен» өз алаңында кәсіпкерлердің Павлодар облысы әкімінің орынбасарларымен, мысалы, өңір басшысының ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарымен әр ай сайын кездесулер өткізіп тұратынын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы