Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

1 Маусым 2023, 11:38
540
Бөлісу:
Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: Polisia.kz

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлап кеткен.

Осы факті бойынша ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".

Өзгелердің жаңалығы