Павлодар облысында сегіз аудан тұрғындары жарықсыз қалды

9 Наурыз 2023, 15:11
799
Бөлісу:
Павлодар облысында сегіз аудан тұрғындары жарықсыз қалды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысында қатты жел салдарынан сегіз аудан тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ақылбек Баяхметовтің мәліметінше, үш мыңнан астам абонент электр энергиясынан ажыратылып қалған.

Қатты жел 10 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Олардың қатарында төрт мектеп, үш әкімшілік мекеме нысаны мен үш жекеменшік үй болды. Бұл объектілер Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Май және Павлодар аудандарында орналасқан. Сонымен қатар, сегіз ауданда жарық сөніп қалды. Қазіргі уақытта Ертіс ауданының бір және Шарбақты ауданының төрт ауылында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электр желісін жөндеуге екі бригада жұмылдырылған, - дейді Ақылбек Баяхметов.

Қатты жел салдарынан облыс орталығындағы төрт қабатты ғимараттың да шатыры ұшып кеткен. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ орталық жағажайдағы сахнаның жабындысы жыртылып кеткен. Қазіргі уақытта шығын көлемі анықталып жатыр.

Айта кетейік, өңірде дауылды ескерту жарияланды. Кей жерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы