Павлодар облысында өткен айдан бері 25 медқызметкер КВИ жұқтырған

11 Қараша 2020, 02:49
1255
Бөлісу:
Павлодар облысында өткен айдан бері 25 медқызметкер КВИ жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында өткен айдан бері 25 медициналық қызметкер КВИ жұқтырған.Өңірде КВИ жұқтырған 18 бала инфекциялық стационарларда жатыр. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.

Қазіргі уақытта өңірдегі инфекциялық стационарларда 282 адам емделіп жатыр. Оның 18-і – балалар. Бұл адамдардың ішінде КВИ жұқтырғандар – 172, КВИ белгілері бар пневмониямен – 69 адам бар. 1 адам өте ауыр жағдайда, 12 адам ауыр жағдайда жатыр. 2 адам оттегі аппаратына қосылған. 244 адамның жағдайы орташа, 25 адам қанағаттанарлық жағдайда, - деді Айдар Сейітқазинов.

Спикердің айтуынша, өткен тәулікте жедел жәрдем 268 шақыруға қызмет көрсеткен. Шілде айында тәулігіне 1 мыңнан астам шақыру түсетін.

Облыста коронавирус және пневмония жұқтырғандарға арналған 4900 орын бар. Бүгінде инфекциялық орындардың 33 пайызында, карантиндік стационарлардың 14,5 пайызында адамдар жатыр.

Басқарма басшысы 1 қазаннан бері 25 медициналық қызметкер КВИ жұқтырғанын атап өтті.

25 қызметкердің ішінде 10-ы – дәрігер. 4 жағдай бойынша жұмыс барысында жұқтырғаны анықталды. Стационарда 1 дәрігер жатыр. Ол әріптесіміздің жағдайы ауыр дәрежеде. Өйткені «қант диабеті» ауруы бар. Қалған қызметкерлер үйлерінде ем қабылдауда, - деді Айдар Сейітқазинов.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 330 бала бақылауда. Инфекциялық стационарлардағы 18 баланың ішінде КВИ жұқтырғандар – 16, пневмониямен жатқандар – 2. Оған қоса, 264 бала ЖРВИ жұқтырғанын байланысты бақылауда жүр.

Ал, облыстағы коронавирусқа шалдыққандар арасында бүгінде 9 жүкті әйел бар. 3 науқас стационарларда емделуде. Жағдайлары қанағаттанарлық дәрежеде.

Өзгелердің жаңалығы